Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады.
Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талап – әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылыми негізі оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады. Жыл ішінде әдістемелік бірлестіктіктің отырысын жоспарлауға болады. Жоспар бойынша әр отырыста: мысалы, бірінші отырыста өткен оқу жылының қорытындысы, әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту,шығармашылық жұмыстарды бекіту, тәлімгерлермен жұмыс жоспарлары қаралса, келесі отырыстарда жазба жұмыстарының қорытындысы, мектепішілік олимпиада қорытындысмы, факультатив, үйірме жұмыстарының өтілу барысы, пән сабақтарының берілу жайы қаралып, талқыланып отырады.
Жалпы әдістемелік бірлестік жұмысының құрылымына мыналар жатады:
- Әдістемелік отырысын өткізу.
- Нормативтік құжаттар, бірлестік шешімдері мен нұсқауларын орындау
- Пәндік апталықтарды дайындау және өткізу
- Пәндік семинарлар,дөңгелек үстел, конференция дайындау, өткізу
- Оқушыларды пәндік олимпиада, интеллектуалдық марафон, байқау, жарысқа дайындау
- Пәндер бойынша сыныптан тыс шаралар өткізу.
- Сабақтарға, факультатив сабақтарға, үйірме жұмыстарына қатысу.
- Мұғалімдердің, оқушылардың жұмыстарын талдау, марапаттау.